«KADEX-2016» көрмесінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондар көрсетіледі

«Тыныс» акционерлік қоғамы  IV халықаралық «KADEX-2016»  қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде өзінің меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақты, оның ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондарды ұсынады.

Кәсіпорында барлық үлгідегі қорғаныс броньды кеудешелерін шығару Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әлеуетті құрылымдардың мұқтаждығы үшін 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда зауыт еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші болып табылады. Танк шлемофондарын дайындау «Тыныс» акционерлік қоғамында ағымдағы жылдан бастап ретке келтірілген. Осы қорғаныс керек-жарақтарының жазғы және қысқы нұсқалары броньды машиналардың экипаж мүшелері арасында ішкі байланысты қамтамасыз ету және сыртқы байланыс бойынша шығу үшін арналған. Сонымен қатар зауыт көрмеде авиациялық техниканың өндірушілеріне арналған толымдаушы бұйымдардың әр түрінің тұсаукесерін өткізеді. «Тыныс» АҚ Ақмола облысының ірі машина құрастыру кәсіпорны болып табылатынын және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретінін айта кетейік. Зауыт қызметінің негізгі бағыты авиациялық техниканың тораптары мен агрегаттарын шығару болып табылады. Алдағы «KADEX-2016» көрмесі Астанада маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтетінін естеріңізге сала кетейік.  Аталмыш көрменің басты мақсаттарының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Әскери мақсаттағы тауар өндіретін  қазақстандық және шетелдік өндірушілердің бірлесіп жұмыс істеуіне арналған алаң ретінде көрме отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"