«KADEX-2016» көрмесінде жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетеді

«KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамындағы «Семей инжиниринг» АҚ жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетуді жоспарлауда. Атап айтқанда, броньдалған жөндеу көшіру транспорттық көлігі (БРЭТМ) мен конверсиялық дөңгелекті техника.

Броньды жөндеу машинасы далалық жағдайларда техникалық қызмет көрсетуге және броньды транспортерлерді жөндеуге, шынжырлы және дөңгелекті техникаларды тіркеуге алуға, түрлі жүктер мен запастағы материалдық-техникалық заттарды тасымалдауға, сондай-ақ жеке құрамды көшіруге арналған көлік. Конверсиялық дөңгелекті техника зауытта БТР базасында әзірленді. Бұл техниканың жүру қабілеті жоғары, сондай-ақ күрделі жол жағдайлары мен жолсызда, стихиялық апаттар салдарынан зардап шеккендерді тасымалдау мақсатында қызмет көрсетеді. Оның артықшылығы жайлылығы мен құрылым жүйесінің сенімділігінде. Сонымен қатар, кәсіпорын израильдік «Элбит Системс» компаниясының оқ атуды басқару құрылымымен Т-72А және ресейлік «Ф.Э. Дзержинский атындағы «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ-ның «Сосна-У» оқ атуды басқару құрылымымен Т-72Б  жетілдірілген танкілерін көрсетеді. Оларды жетілдірудің мақсаты қазіргі заманғы оқ атуды басқару құрылымын орнату есебінен ату қуатының тактикалық-техникалық және пайдалану сипатын арттыру, ептілік сапасын, қорғануды және командалық басқаруды күшейту болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, «KADEX-2016» көрмесі Астана қаласында ағымдағы жылдың 2-5 маусымы аралығында өтеді. Бұл ретте ең басты мақсаттардың бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін белсенді дамыту болып табылады. Бұл көрме Қазақстанның және шетелдің әскери мақсаттағы тауарларын өндірушілердің бірлескен жұмыстарына арналған алаң ретінде қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"