«KADEX-2016» көрмесінде жаңғыртылған әскери техника көрсетіледі

«ҚИ 811-автожөндеу зауыты» АҚ халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде жаңғыртылған әскери техниканы, оның ішінде, понтонды-көпірлік парк жүйесінің өзендік буыны мен КамАЗ-63502 автомобильдерінің базасындағы ауыр механикаландырылған көпірді  ұсынады.

Понтонды-көпірлік парк су кедергілері арқылы көпірлік және паромдық өткелдерді жабдықтау үшін арналған. КрАЗ-255Б базалық автомобильдерін анағұрлым заманауи  КАМАЗ-63502 автомобильдеріне алмастыру жоспарлануда. Нәтижесінде понтонды-көпірлік парк тасымалдау базасының орағытылуы мен басқарылуы ұлғаяды. Ауыр механикаландырылған көпір арқылы 60 тоннаға дейінгі салмақта шынжыртабанды және білікте 11 тоннаға дейінгі қысыммен дөңгелекті көлікті өткізу үшін 3 метрге дейінгі тереңдікте кедергілер арқылы көпірлік өткел орнатылады.  «ҚИ 811-автожөндеу зауыты» АҚ – бұл автомобильді және шынжыртабанды техниканы күрделі жөндеумен, әскери техниканы жаңғыртумен, шынжыртабанды трактарға асфальт жүрісті тежегіш тоспаларды өндірумен, өрт сөндірушілердің автоцистерналарын күрделі жөндеу және жаңартумен айналысатын  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны екенін атап өтейік. Кәсіпорынның әскери техникаға қызмет көрсету мен жөндеу саласында көп жылдық тәжірибесі, көпбейінді өндірістік базасы бар. Сапалы қызметтер көрсету және өнім шығару үшін жоғары білікті мамандармен жасақталған.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"