«DOSTARYM-2017» шеңберінде екінші кезеңнің сабақтары өткізілді

Пабби қаласындағы Пәкстан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің террорға қарсы ұлттық орталығының базасында Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің «DOSTARYM-2017» бірлескен оқу-жаттығуларының екінші кезеңі өткізілді.

Екінші кезеңнің мәні бойынша «Топтарды шоғырландыру» бойынша тактикалық-арнайы сабақтарды өткізу қарастырылған. Аталған кезеңнің негізгі мақсаты шабуыл мен ғимараттарды тазалау кезіндегі тактикалық топтардың бірлескен іс-қимылдарын пысықтау, жауынгерлік екілік құрамында әр түрлі шептен негізгі қару-жарақтан тәжірибелік атыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Жаттығуға екі елден жүзден астам әскери қызметші мен жетпіске жуық әскери және арнайы техника тартылғанын айта кеткен жөн. «DOSTARYM-2017» халықаралық екіжақты террорға қарсы оқу-жаттығулары 2017 жылғы 24 қарашада аяқталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"