99116 әскери бөлімінде қорытынды тексеру өтті

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері 2017 оқу жылының қорытынды тексеруін тапсыруда. Аталған тексерудің басты мақсаты әскери бөлімнің және бөлімшелердің осы кезге дейінгі жауынгерлік дайындық жоспары бойынша өткізілген барлық сабақтары бойынша қорытынды жасау.

99116 әскери бөліміндегі қорытынды тексеруге әскери бөлімнің барлық жеке құрамы тартылды. Онда олар жыл бойы оқып үйренген әдістерін барынша көрсетті.  Кестеге сәйкес, жеке құрам жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, дабыл бойынша жиынымен іс-қимыл пысықталды.  Оқу жылының қорытындысы бойынша тексеруді әскери бөлім «жақсы» деген бағаға тапсырса, оның ішінде  «өте жақсы» деген бағаға 1-барлау және 1-арнайы мақсаттағы барлау роталары тапсырды.

Бұндай тексерулер Қарулы Күштеріміздің барлық әскери бөлімдерінде жылына екі рет жазғы және қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша өтіп отыратын дәстүрлі шара. Осындай тексерулердің нәтежиесінде жеке құрамның дене шынықтыру және жауынгерлік дайындықтары жылдан жылға артып келеді.  Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері түрлі бірлескен оқу-жаттығуларда,  халықаралық армия ойындарында жоғары орындарда көрініп жүргені осының айқын дәлелі. Қазіргі таңда еліміздің әскери қызметшілері кәсіби білікті және жауынгерлік дайындықта шебер болуына аса мән беріледі. Әскери бөлімдердің әрқашан жауынгерлік әзірлікте болуына және жеке құрамның әлеуметтік жағдайына басшылық көп көңіл бөлуде. Соынмен қатар, биылдан бастап әскери бөлімдердің офицерлер құрамына сыныптылық біліктілігіне қарай қосымша үстемақы төленуі қарастырылуда. Барлық әскери қызметшілердің ақшалай үлесіне 25 пайыз қосылып, осы жылдың қазан айында жүзеге асырылмақ.

Әскердің әлеуметін арттыру ол барлық жеке құрамның  моральді  және материалды жағдайының жақсаруына  өз септігін тигізетіні айдан анық. Бұл өз кезегінде әскери қызметшілердің рухы биік, моральді тұрғыдан ұстамды болуына әсер етпей қоймайды. Осы мақсатта басшылық тарапынан атқарылып жатқан әскери саладағы саяси бағдарламалар әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындықты одан әрі жетілдіруге және қойылған тапсырманы дер кезінде орындауға  дайын болуын нақты айқындап келеді.

                                                                                                                                                                                       Капитан Мейрамбек Әлібаев

                                                                                                                                                                                                       99116 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"