ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

85395 әскери бөліміне оң баға берілді

85395 әскери бөліміне оң баға берілді

«Әскери бөлім жауынгерлік ұрысқа дайын және тапсырмаларды орындауға қабілетті» – мұндай оң баға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша 85395 әскери бөліміне берілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Әуе шабуылына қарсы әскерлері бастығы, комиссия төрағасы полковник Қайрат Нұртаев бригада жеке құрамы берілген тапсырмаларды лайықты орындағанын атап өтті.

Тексеру комиссиясының жұмысы бөлімнің бірнеше өмірлік бағыттарын қамтыды: әскери және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастыру барысы, әскери қызметінің ұйымдастырылуы, іскерлік жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайлары және тағы басқа көптеген бағыттыр бойынша.

Айта кету керек, бұл тексеріс кенеттен орын алды. 85395 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Ержан Мейрманов бригада әскери қызметшілері тексеру комиссиясы жұмысы барысында қойылған жағымды бағаларды  мақтанышпен және шын шабытпен қабылдағанын жасырмады.

 « Бұл алынған бағалар  –  біздің күнделікті жұмыс барысымыздың нақты көрінісі» - дейді Ержан Мейрманов. –  Біздің бригада Тараз гарнизонындағы жалғыз жауынгерлік бригада болып табылады. Әскери қызметшілеріміз әскери бөлімнің мәртебесін көтеруге ұмтылады және осында қызмет атқарып жүргенін, жауынгерлік дайындыққа үлес қосқанын мақтан тұтады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?