81-дивизия жайында не білеміз?

Биыл Ұлы Отан соғысы кезінде шешуші рөл атқарған Сталинград шайқасындағы жеңіске 75 жыл толып отыр. Бұл майданда Кеңес әскерінің сарбаздары көзсіз ерлік көрсетіп, басым күшке ие болды. Жеңіс күнін жақындатқан жаужүрек жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында ТМД көлемінде түрлі шаралар өтуде. Бұл қатардан жамбылдықтар да шет қалмады.

75 жылдық мерейлі датаға орай Тараз қаласындағы «Даңқ» аллеясында салтанатты жиын өтті. Басқосуда облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Өрнекбай Смаилов сөз сөйлеп, Сталинград шайқасында жеңіске жетуге сүбелі үлес қосқан жамбылдық 81-кавалериялық дивизия жайында баяндады.

– Ол дивизия 1941 жылдың қыркүйегінде сол кездегі Жамбыл қаласында жасақталған. Дивизия Николай Труфановтың қолбасшылығымен 51-армияның құрамында шайқасып, Сталинград-Тихорецкая темір жол байланысын үзу операциясына атсалысқан. Сондай-ақ Сталинград қаласына жасалған шабуылдарға тойтарыс беріп, жау әскерін қоршауға алу сынды маңызды міндеттерді орындады. Олардың өзге де әскерлермен табысты байланыса білуінің арқасында жау қолы 130 шақырымға шегінді. Дивизия жауынгерлері фашистердің 150-ден астам офицері мен сарбазын оққа байлап, 200-ге жуығын қолға түсірген. Сондай-ақ жамбылдық құрам Котельниково қаласын жаудан аман сақтап қалып, Фридрих Паулюстің армиясына жойқын соққылар жасады. Ұлы Отан соғысының жылнамасында жерлестеріміздің ерлігі туралы деректер жетерлік. Біз қан майдандағы ерлігімен Жеңіс күнін жақындатқан аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы алдында басымызды иеміз, – деді Өрнекбай Төленұлы.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сталинград шайқасында 600-ге жуық жамбылдық ерлікпен қаза тапқан. Олардың есімі Мамаев қорғанындағы қабырға-стендтерге толық жазылған. Бүгінгі күні волгоградтықтар Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін өте жоғары бағалайды. Әрдайым құрметпен еске алып, ұрпақ санасында жаңғыртып отырады.

Соның көрінісі ретінде 27 сәуір күні Мамаев қорғанында қазақстандық Сталинград қорғаушыларына арнап ескерткіш ашылмақ. Граниттен қашалып жасалған монумент қорғандағы 4 мемлекет пен Ресейдің өзге де қалаларынан шыққан қорғаушыларға арналған ескерткіштердің қатарын толықтыратын болады. Аталмыш мемориалда Қазақ елінің әр өңірінен шайқасқа қатысқан жауынгерлерге тағзым ету үшін арнайы ұяшықтар жасалған. Онда сарбаздардың туған жерінен жеткізілген топырақтары бар капсулалар қойылатын болады.

Таразда өткен салтанатты жиында киелі Тараз жерінің топырағы салынған капсуланы тапсыру рәсімі өтті. Бұл капсула да Қазақстанның өзге де өңірлерінен жеткізілген капсулалармен қатар ескерткішке қойылмақ.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК