36352 әскери бөлімі жауынгерлерді қабылдады.

«Отан – оттан да ыстық». Бұл тәмсіл әрбір жауынгер жүрегінде орын алса, онда алынбайтын қамал, жеңілмейтін жау болмаса керек. Әскер – сарбаздар бойына дәл осы құндылықтарды құюда аса маңызды мектеп. Оң мен солын танып үлгерген бозбала жалын атқан шақтың жалғыз-ақ жылын әскерге арнаса, арғы ғұмыры өздігінен ретке келіп, жүйесін таппақ. Бұл әскер қатарында болған әркімнің де қосыла құптайтын шындығы.

Қазақстан Республикасның Қорғаныс министрлігінің 36352 әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылған жас буын жауынгерлерді қабылдады.

«Отан» және «борыш». Осы ұғым­дар егіз деп білсек, әскер қа­тарына шақырылған сарбаздар сапында бірінен бірін ажыратқысыз егіздердің бары осы киелі тү­сінікке ерекше екпін беретіндей. Енді ше… Екі бірдей егізін әскер қатарына аттандырғанда ана мен әкенің осы ұғымдарға деген көзқарастары аса қастерлі болғандығын аңғару қиын емес. Олардың есімдері Рахымбай және Зарқымбай Қалиасқаровтар. Алғашқыда қайсысы Рахымбай, қайсысы Зарқымбай екендігін айы­ра алмай бөлімше командирі қи­нал­ғанын айтты. Десе де, амалын тауып бұйрықты екеуіне бірдей беріп, жұмсайтын болған. Өйткені, біреуін жұмсаса сыңарын іздеген ол тапсырылған жұмысты алаңдай жүріп шала-пұла атқара салатындығын аңғарған. Ал біріксе, бір кісідей тындырып тастайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Курчум ауданынан келген Рахымбай мен Зарқымбайдың есімдерін атасы  қойған. Бауырына басып, аталық мейірімін қос қозысына аямай төккен аталары оларды қазақы болмыс және иман ізгілігінде тәрбиелеген екен. Әскерге дейін де мектеп қабырғасында егіздер қаруды қолдану, шашу және жинау машықтарын ойдағыдай меңгерген екен. Осының дәлелі, әскери техниканы біліктігімен көзге тұскен ағайындылардың екеуі де ойдағыдай нәтиже көрсетті. 

Алдағы уақытта егіздер келісімшарт негізінде әскери салада қызмет етуге ниетті. Өйткені, дәл Рахымбай мен Зарқымбайдай– Отан мен Міндет те егіз ұғымдар екені айқын. Біз өз тарапымыздан осы егіздердің ант қабылдап, қызметке кіріскен сәттерінен және ана мен әке құшағына қайтар күндеріне дейін тұрақты түрде бақылап, мақала жариялап отыруды жөн санадық. Өйткені, әскери ғұмыр кім-кімге болса қызық әрі егіздердің әр қадамы осы әскери өмірдің қалтарыс-бұлтарысын кеңінен аша түсетін болады.

 

Думан Кұрманғалиев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"