«25 игі іс» акциясын басталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы «25 игі іс» акциясын бастады.

Қоғамда тағдырдың тауқыметін тартып, айналасындағы адамдардан қайрымдылық пен жанашырлық күтетін түрлі отбасылардың кездесетіні рас.

Осы мақсатта, әскери қызметшілер елдің тыныштығын күзетіп қана қоймай, жағдайы төмен отбасыларына жәрдем беріп, олармен алдағы уақытта да тығыз-қарым-қатынас орнатқанды жөн санады.

Осындай отбасының бірі Гүлмира Сданованың алты баласы бар. Екі қыз, төрт ұл тәрбиелеп отырған Батыр ананың өкінішке орай, екі баласы мүгедек. Үлкен ұлы Тимур Отан алдындағы борышын өтемек ниетпен ағымдағы жылғы көктемде әскер қатарына алынған болатын. Анасының айтуынша, Тимурдың арманы болашақта әскери қызметші болу.

– Әрине, қайырымды істі елге жариялаған дұрыс емес. Дегенмен, кішкене болса да балалардың жүректеріне қуаныш сыйлап, әскери формадағы аға-әпкелерінің кез келген уақытта қол үшін созуға дайын екенін көрсеткіміз келді,  – дейді Қарулы Күшттердің ардагері запастағы подполковник Асқар Байсопақов.

Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері бұл игі бастаманы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғастыратын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"