2018 жылы ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді

2018 жылы ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді

ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Минскіде өткен Сыртқы істер министрлері Кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің кезекті бірлескен отырыстарына қатысты.

Отырыстар шеңберінде сыртқы саясат, қорғаныс ведомстволарының басшылары мен қауіпсіздік кеңесінің хатшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзара қызғушылық туғызатын, ҰҚШҰ өңірлерінің жауапкершілік аумағындағы әскери-саяси жағдайлар бойынша өзекті тақырыптарда пікір алмасты.
Жұмыс барысында Хатшылық құрылымын және ҰҚШҰ-ның Бірлескен штабы құрылымдарын одан әрі жетілдіру, 2018 жылғы ҰҚШҰ бюджетін қабылдау мәселелері талқыланды. Күн тәртібіне талқылау және қол қою үшін барлығы жиырмадан астам мәселе шығарылды.
Шара қорытындысы бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және заңсыз миграцияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды.
2018 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына көшетінін атап өткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП