2017 жыл Қазақстанның Қарулы Күштерінде несімен есте қалды

Биылғы жылы қазақстандық армияның негізгі күш-жігері жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұруға, жек еқұрамның кәсіпқойлығы мен жеке дайындығын арттыруға, бөлімшелердің, бөлімдердің үйлесуіне, қару-жарақ пен әскери техниканың ақаусыз күйде сақталуы мен ұсталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

2017 оқу жылы Қарулы Күштерде «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» ұранымен өтті және республикалық және халықыралық маңызы бар оқиғаларға толы болды. Бұл мемлекетіміздің тарихындағы ең ауқымды Әскери парад, Әскери доктринаның қабылданыуы, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғыртудың кезекті жоспары, «Қаратау-2017», «Мызғымас бауырластық», «Жауынгерлік достастық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары, «Дала қыраны» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы, Армия халықаралық ойындары – 2017.  Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде атыс қаруы мен қару-жарағынан 30 мыңнан аса практикалық оқ ату өткізілді.  
Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 23 пайызға көбірек. Әуе қорғанысы күштерінде авиацияның жалпы «ұшуы» ұлғайтылды. Жылдың басынан ол 14 мыңнан аса сағатты құрады.  Әскери-теңіз күштерінде әскери корабльдердің «жүзуі» 140-тан аса тәулікті құрады. Корабльдер 19 000-нан аса теңіз милясынан өтіп, 5000 корабльді-жауынгерлік оқу-жаттығу өткізілді. Ағымдағы жылы Қазақстанның Қарулы Күштері заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен, атыс қаруы үшін оптикалық көздеуіштер және түнгі көру аспаптарымен, авиациялық көзілдіріктерді қолдана отырып, түнгі көру жүйелерімен, «Арлан»  броньдалған дөңгелекті машиналарымен, РСП-10У радиолокациялық отырғызу жүйесімен, заманауи Су-30СМ жоғары маневрлі жойғыштарымен, Ми-35М соққы жасайтын тікұшағымен, Ми-171Ш тікұшағымен, С-295 әскери-көлік ұшағымен толықты.  
Әскери-теңіз күштерінің құрамына екі жаңа корабль, яғни, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблі мен «Алатау» мина-тартқыш кораблі келіп түсті. Жоғары әскери оқу орындарының ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары басқармаларының қарамағына берілгеннен кейін практикалық сабақтардың саны елеулі түрде ұлғайғанын, болашақ офицерлердің практикалық әскери дайындығының деңгейі арта түскенін айта кету қажет.  
Командалық буында курстық дайындау жүйесіндегі тың жоба «Тактик» біліктілікті арттыру курсы болды. Ағымдағы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі арнайы қызметтер мен Қарулы Күштердің ардагерлерімен жұмыс жасау бөлімінің құрылуы болды. 2017 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған республикалық ауқымдағы 130-дан аса іс-шараны өткізді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 2800 бала білім нәрін сусындап жатқан 101 кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтың бастапқы негіздерін, менталдық арифметиканы, биді, атқа мінуді, қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдерін, шетел тілдерін, әдепті және т.б. зерделеуде. Жылды қорытындылай отырып, егеменді Қазақстанның заманауи, жоғары кәсіби және мобильді Қарулы Күштері кез келген жағдайда ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қойған тапсырмаларды орындауға қабілетті екенін айта кеткен абзал.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"