Әскери қызметшілерге дәстүрлі емес діндердің қауіп-қатері түсіндірілді

Еліміздің Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің дәстүрлі емес діндердің ықпалына түсіп қалмаудың алдын-алу мақсатындағы сауықтыру шарасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілер алдында ҰҚК әскери қарсы барлау Басқармасының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша өкілі майор Әсет Сембинов, Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Индира Беркімбаева, орталық маманы Мирас Еспаев, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының тәрбие және идеологиялық бөлімінің (идеологиялық жұмыстар және арнайы насихаттау жөніндегі) аға офицері майор Рашида Жанатаева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Бауыржан Таубекұлы діни экстремизм мен терроризм туралы өз пайымдауларын ортаға салды. Қоғамда «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті күшейтуге мүмкіндік беретінін де айтты.

   Индира Беркімбаева, Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры:

   «Экстремизм» термині XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді. Ол «ең соңғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Экстремизм «лаңкестік» деп те аударылады. Лаңкестік - ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал, экстремизм – бұдан кеңірек ұғым. Экстремизм – ең соңғы іс-шаралар мен көзқарастарды ұстанып, бейілділікті көздейтін әлеуметтік-саяси құбылыс. Оның өмірдегі көріністері терроризм, геноцид, этноцид, расизм болып саналады. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм, қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің көздегені – қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту».

   Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері әскери қызметшілерге бейнефильм көрсетті. Қазіргі лаңкестің портретін түсіндірді. Қазақстандық лаңкестің «Дағыстандық» моделіне, терроризмнің тәсілдеріне де тоқталды.

 

ҚАЗІРГІ ЛАҢКЕСТІҢ ПОРТРЕТІ

   Лаңкестердің 75% - «орта таптан» және қоғамның жоғары тобынан шыққандар

   90% - ауқатты және толық отбасының өкілдері

   63% - колледж бітіргендер

   ¾ бөлігі – оқуын бітірген кәсіби және жартылай кәсіби мамандар (олардың арасында инженерлер, архитекторлар, ғалымдар және тағы басқалары бар).

 

 

ТЕРРОРИЗМНІҢ ТӘСІЛДЕРІ

   1. Мемлекеттік, өнеркәсіптік, көліктік, әскери және сол секілді нысандардың жарылысы

   2. Жеке террор немесе саяси өлімдер

   3. Саяси ұрлықтар

   4. Мекемелерді, ғимараттарды, банктер мен елшіліктерді басып алу арқылы адамдарды тұтқынға алу.

 

   Әскери қақтығыстар болып жатқан жердегі халықаралық лаңкестік ұйымдарға мүше болған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны – 185 адам (2015 жылдың қазан айына жасалған дерек бойынша):

   Ақтау – 41 адам

   Қарағанды – 41 адам

   Тараз – 21 адам

   Атырау – 20 адам

   Талдықорған – 12 адам

   Батыс Қазақстан облысы – 12 адам

   Ақтөбе – 11 адам

   Оңтүстік Қазақстан облысы – 10 адам

   Алматы – 8 адам

   Астана – 5 адам

   Шығыс Қазақстан облысы – 3 адам

   Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам

 

«Терроризм» бабы бойынша сотталған – 550-ге жуық адам

(2015 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша)

   Жасы:  26-35 жас аралығындағылар – 48%, жасы 25-ке жетпегендер – 19%

   Білімі: орта – 36%, жоғары – 18%

   84% – діни білімі жоқ

   52% – тұрақты жұмыс орны болмаған

   38% – тұрмысы төмен болған

   52% – жеке баспанасы болмаған

   75% – үйленген, бірнеше мұсылман әйелдері бар.

 

   Тәубе, Қазақ­станда лаңкестіктің үлкен ошағы бол­ған емес. Террористердің зұлымдық әре­кетінің іздері кезіккен жоқ. Қазақстанның ішкі жағдайы тұрақты. Ел ішінде терроризмге қатысты қауіп-қатер де жоқ. Дегенмен, «жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында» дейді қазақ. Әсіресе  бүгінгі күні ғаламтор арқылы үлкен қауіп төніп отыр. Сырттағылар «ВКонтакте», «Youtube», «Одноклассники», «Мой мир», «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Google+» әлеуметтік желілерінде дәстүрлі діндерден алшақ сенім-нанымдарды уағыздап, жастардың санасын улап жатыр. Себебі, өрімдей ұл-қыздардың өмірлік тәжірибесі жоқ. Бұған қоса психологиялық күйзеліске жиі ұшырайтын жастар сезімтал, әрі сенімшіл келеді. Тұрғындардың діни сауатсыздығы, дәстүрлі құндылықтарды бағалаудың құлдырауы, діни экстремизмнің қауіптілігін бұқаралық сананың әлі де толық түсінбеуі, деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитеттің қалыптаспауы, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болуы, дәстүрлі емес діни радикалдық ұйымдардың қоғам ішінде діни төзімсіздік, қорқыныш пен үрейді күшейтуі – бұл еліміздегі діни ахуалдың бүгінгі көрінісі. Әскери қауымдастық арасында сауықтыру шарасын өткізудің мұраты да сол, әскери қызметшілерді өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуды, оларға түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуды, діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуды ескерту. Сондай-ақ, өмірдегі арман мен мақсатты, жетістік пен тыныштықты дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін түсіндіру. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"