Далалық жағдайдағы жауынгерлік дайындығын жетілдіреді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен басқарма органдарының дайындық жоспарына сәйкес, «Шығыс» жалпыәскери полигонында өтетін артиллерияның лагерлік жиынына 28738 әскери бөлімінің жеке құрамы дайындық үстінде.

Артиллериялық құрылымдар мен бөлімдердің жауынгерлік ауызбіршілігін арттыруды, жеке құрамның далалық жағдайдағы жауынгерлік дайындығын жетілдіруді, темір жол көлігі арқылы әскердің біріктірілген қозғалысын және марштарды іске асыруды мақсат тұтқан жиын 28 наурыз бен 29 сәуір аралығында өтеді. Бұл күндері «Шығыс» жалпыәскери полигонында артиллерист-жауынгерлердің кәсіби білімі мен біліктілігі жан-жақты шыңдалады. Артиллериялық батареялардың тәжірибелік қимылы ауа-райының кез-келген жағдайында жүзеге асырылады. «Ураган» әскери машинасы да жүргізіледі.  

Әскери қалашықтағы 28738 әскери бөлімінің ашық алаңында үлгі ретінде шатырлы лагерь бой көтерді. Онда далалық жағдайдағы бақылау бекеті, байланыс, ас әзірлеу, спорт алаңы, алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтері пысықталып жатыр. Айта кетейік, 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік әзірліктің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа модульді жүйе биыл одан әрі жалғасты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"