ҚР ҚК Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтеді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Отар оқу-жаттығу орталығының Мәтібұлақ полигонында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтеді.

Зениттік бөлімшелер, ҚР ҚК-нің әскери техникасы мен қару-жарағы бір ай бойы полигон жағдайында болады. Әскери қызметшілердің саны 100-ден асады. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының зениттік дивизион әскери қызметшілері Маңғыстау облысынан оңтүстікке жеткізе отырып, жиынға өзінің техникасымен қатысатынын айта кеткен жөн.   Бұл оқу-жаттығу жауынгерлерге зениттік құрылғылардан жауынгерлік оқ ату бойынша іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, әскери қызметшілер жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сынақ тапсырады, бөлімшелердің сайысы өтеді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – Құрлық әскерлері зениттік бөлімшелерінің дағдысын жетілдіру және тікелей басқару болып табылады. Жаттықтыру жеке құрамның жоғары жауынгерлік рухын, моральдық-психологиялық қасиеттері мен кез келген сәтте Отанды қорғауға әзірлігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"