"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында үздік взвод сержанттары мен бөлімше командирлері анықталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінде «Үздік взвод сержанты» және «Үздік бөлімше командирі» атағына взвод сержанттары мен бөлімше командирлерінің байқауы өтті.

Байқауға 14 әскери қызметші қатысты. Байқау мақсаты – сержанттар мен командирлердің әскери-кәсіби даярлық деңгейін анықтау болып табылады. Кәсіби даярлықтарын айқындау үшін әскери-кәсіптік тест, атыс даярлығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, саптық және дене даярлығы, қоян-қолтық ұрыс бойынша сынақ қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша 91678 әскери бөлімінің «Үздік взвод сержанты» атағы 1-ші таулы-егерьлік взводының аға сержанты Сүндетбай Нұрлыбаевқа берілді. Бөлімше командирлері арасында 1-ші таулы-егерьлік взводының сержанты Жасұлан Әлімбетов үздік атанды. Қазақстан Қарулы Күштеріндегі мұндай байқаулар жиі өткізіліп тұрады. Аталмыш сынақтар өз ісінің нағыз кәсіпқойларын айқындау мен көтермелеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бір мамандықтың әскери қызметшілері арасындағы жарыстар ҚР ҚК сержанттар және командирлер құрамының кәсіби тұрғыда өсуі мен жалпы даярлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"