Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясында бақылаушылардың міндеттерін орындауда

Батыс Сахарасы мен Кот-д’Ивуардағы жерүсті және әуеден патрульдеу, түнгі бақылау бекетін ұйымдастыру, үйреншіксіз климат пен жоғары температуралық режимдер Қазақстан Қарулы Күштері офицерлерінің қатысуымен БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары жалғасуда.

30-дан аса елдің өкілдерімен бірлесіп әскери қызметшілеріміз әскери бақылаушылардың міндеттемелерін орындауда. Әскери қызметшілердің сөзіне қарағанда миссиялардағы қиындықтар тек қана климатпен байланысты. Шөл даладағы қапырық, бағдарлар, жоғары температуралық режимдер – мұның барлығы кей кезде патрульдеуге қиындық туғызады. Негізгі тапсырмамен, яки, белгіленген жауапкершілік аймақтарын патрульдеумен қатар, олар алынған ақпаратты жинау және талдаумен айналысады, әскери уағдаластықты сақтау мониторингісін жүргізеді.  ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінде айтқандай, бүгінде Батыс Сахарасы (MINURSO) мен  Кот-д’Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында жеті қазақстандық офицер бар.   Шын мәнінде саны бойынша бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүрген әскери қызметшілердің азғантай ғана контингенті. Әскери бақылаушылар БҰҰ-ның персоналы болып табылады. Олар дау-дамай шығарушы бірде-бір тарапты қолдамай, бейтараптылық қағидатын ұстанады, қол жеткізген бейбіт уағдаластықтың сақталуын қадағалайды.  Сонымен бірге, миссия барысында жинақталатын тәжірибе де аса құнды. Миссиядан миссияға ол әртүрлі елдер мен әлемнің түкпір-түкпірінен әскери бақылаушылармен беріледі. Шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ала отырып, офицерлеріміз оралғаннан кейін өз ойларымен бөлісіп, армиямызға енгізеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"