ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері және 61993 әскери бөлімі сайлауда белсенділік танытты

2016 жылғы 20-наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының  кезектен тыс сайлау науқанынан ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің және 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де тыс қалған жоқ.

№433 сайлау учаскесіне ҚР ҚК Аэроұқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев мырзаның өзі бастап келді. Сайлау учаскесі ашыла салысымен жұбайын ерте келген қолбасшы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері мен дауыс беруші азаматтарды мерекелерімен құттықтап, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сондай-ақ,  дауыс берушілер арасында Қазақстанның «Халық қаһарманы» 61993 әскери бөлімінің десантшы офицері майор Азамат Жұмәділов мырза да  болды.

Осы орайда, №433 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде тұрған 2800-ден астам сайлаушылардың 1500-ден астамы әскери қызметшілер екендігін айта кеткен жөн. Сайлау учаскесінің төрағасы дауыс берушілер арасында әскери қызметшілердің ең белсенді әрі «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетік меңгерген саяси сауатты азаматтар екендіктерін мақтанышпен айта алатынын жеткізді.

Жалпы 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі сайлау учаскелерінде, негізгі дені Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты 35 сайлау округінің №433, 435, 442 сайлау учаскелерінде дауыс берді. Өздерінің Конституциялық құқықтарын орындау үшін дауыс беруге сайлау учаскелеріне алғашқы болып күнделікті киім үлгісіндегі әскери киімдерін киіп, жұбайлары мен балаларын ерте барған айбынды десантшылар сайлау науқанын үлкен мерекеге айналдырды.

          

Лейтенант Ербол Игісінов

61993 әскери бөлімі

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"