Қазақстандағы сайлауды 1000-ға жуық шетелдік байқаушы қадағалайтын болады

20-наурыз күні елімізде ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстандағы бұл сайлауды 957 шетелдік байқаушы қадағалайтын болады.

Мұндай мәліметті ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев ұсынып отыр. «Өздеріңізде білетіндей, 14 наурыз күні шетелдік байқаушыларды аккредиттеу шаралары аяқталды. Сол күні кешкісін біз ең соңғы байқаушыларды аккредиттедік. Сонымен, олардың жалпы саны 957 шетелдік байқаушыны құрап отыр», - деді М.Сәрсембаев.

ҚР ОСК мүшесінің алға тартқан деректеріне сәйкес, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 286, ТМД Миссиясының 301, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан 14, Түркітілдес елдер ынтымақтастығының Кеңесінен 17, Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан 8, шет мемлекеттерден 103 байқаушы, мұнан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 29 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 140 өкілі аккредиттелді.

Ендеше, еліміз үшін маңызды саналатын саяси науқанға белсене қатысуға шақырамыз.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"