Әскерилер сайлау науқанына атсалысты

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және бағынысты әскери бөлімдері мен бөлімшелері Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау саяси науқанына жұмыла атсалысты. 20 наурыз күні Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне бағынысты 97617, 97616, 20709 әскери бөлімдерінде № 351, 1154, 338  жабық сайлау учаскелері жұмыс істеді. Осы учаскелерде мыңға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өз таңдауларын жасады.

Бұл учаскелерде сайлаушылар үшін барлық жағдай қарастырылды. Ақпараттық материалдар толығымен ілініп, техникалық базамен жабдықталып, сайлаушы-сарбаздар тізімі нақтыланды. Әскери қызметшілердің барлық санатымен сайлауалды түсіндіру шаралары кеңінен жүргізілді. Бәрі заңға сәйкес ұйымдастырылды.

Сайлау күні жауынгерлік және тәуліктік кезекшілікте болған әскери қызметшілер де науқанға кедергісіз қатысып, таңдауларын жасады. Сонымен қатар, сайлауға әскери госпитальдарда емделіп жатқан, кезекті демалыста жүрген әскери қызметшілер де толығымен тартылды.

Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды ерте өтуінің маңызын әрбір әскери қызметші терең түсінеді. Себебі, қазіргі уақытта мемлекеттік деңгейдегі барлық стратегиялық және экономикалық дағдарыстан шығу жолындағы жоспарлар жасалған. Алда үлкен міндет тұр, ол – осы жоспарларды уақытында орындау. 

25750 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары – бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Бекет Кулпендиевтің айтуынша, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет ететін барлық әскери қызметшілер және бағынысты әскери бөлімдерге орналасқан  3 жабық сайлау учаскесі сайлау науқанында еш олқылықсыз қызмет етті.

Майор Тұрсынжан Миталипов, 25750 әскери бөлімінің баспасөз хатшысы

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"