Әскери бөлім қызметшілерінің қатысуымен ашық сабақ өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімі қызметшілері мен Приозерск қалалық Жастар орталығы өкілдерінің қатысуымен №1 орта мектепте жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай ашық сабақ өтті.

Тағылым сағатында ХІХ-ХХ ғасырларды көзімен көрген ақынның таланты мен шығармашылығына мән берілді. Оқушылар интерактивті тақта арқылы ақын өмірінен сыр шертетін бейнетаспаларды тамашалап, кітаптар мен республикалық басылым беттерінен алынған құнды мәліметтерге қанықты. Ашық сабақ барысында сынып оқушылары жоғары белсенділіктерін байқатты. Озат оқушылардың бірі Нұрхан Алшымбеков Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін оқыса, Айкөркем Айдархан «Халық – менің шын атым» өлеңін, Мәдина Бегазықызы «Отанды сүй!» өлеңін жатқа айтты.

Оқушылар алдында сөз алған 06708 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша аға сержанты Сәуле Мусина жыр алыбының 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің бойына жігер берген жалынды жырлары жайында кеңінен ой қозғады.

Тілек Кенжебеков, 06708 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"