Тау дайындығы сабақтарында әскери қызметшілер жақсы нәтиже көрсетті

48386 әскери бөлімнің 2016 қысқы оқу жылының жауынгерлік жоспарына сәйкес ақпан айынан бастап арнайы мақсаттағы тау дайындығы ротасымен Алматы облысы Текелі қаласының "Жоңғар - Алатау" аймағында тау дайындығы өткізілуде.

      

Мұндағы мақсат – жеке құрамның жауынгерлік деңгейін көтеру және үстіміздегі жылы Ресей Федерациясында болатын «Эльбрус шеңбері – 2016» халықаралық әскери тау жарысына даярлықты пысықтау.

Жаттығу барысында жеке құрам тауға арқанмен өрмелеу және түсу, сондай-ақ тау өзені, тік жарлар секілді кедергілерден аспалы жіппен өту және "СУЫҚ ТӨБЕ", "МҰЗТАУ" шыңдарын бағындыру тәсілдерін шыңдады.

Тау дайындығы сабақтарында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кіші сержанттар Асхат Оразбаев пен Жандос Серікбаевтар өздерін ерекше дайындықтарымен жақсы нәтиже көрсетті.

Капитан Аманжол РАХМЕТОВ,
         48386 әскери бөлімі



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"