Семейдегі мектеп оқушылары 28738 әскери бөлімінің тарихымен танысты

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімінде Семейдегі мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды.

Бұл шараға 38-ші орта мектептің оқушылары шақырылды. Олар әскери бөлімнің тарихымен танысып, әскери қызметшілердің күн тәртібін білді. Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың музейін, әскери бөлімдегі артиллериялық қару-жарақ мұражайын, жауынгерлік Даңқ бөлмесін аралады. «Атлетизм, табандылық, батылдық» алқабын да болды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің үздіктері әскери техника түрлерін де жақынырақ білді. Әскери қызметтің беделін насихаттау және Отанымыздың жаңа патриоттарын тәрбиелеуге бағытталған шара Семейдегі дарынды балаларға арналған 5-ші мектеп-гимназияда, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде, Семей мемлекеттік медицина университетінде де өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"