Сержант болғандарын мақтан тұтады

Әскери азаматттардың күнделікті өмірінде сержанттар құрамына жүктелетін міндеттер аз емес. Сондықтан да олардың, әскердің қай саласында болмасын, алатын орындары ерекше.

Еліміздің Әуе Қорғаныс Күштеріне қарайтын 44841 әскери бөлімде өз міндеттерін абыроймен орындап, қоғамдық жұмыстарға да араласып, көпшілікке үлгі болып жүрген азаматтар баршылық. Олар – Отан қорғаушы оғландар, бөлімнің атап айтарлық мақтаныштары. Біздердің бүгінгі әңгімеміз де солар жөнінде болмақ.

2-ші сыныпты сержант Үйсінбаев Дархан Ибаділдаұлы – техникалық дивизионның сержанттар корпусының басшысы. Қазіргі уақытта әскери бөлім сержантының міндетін уақытша атқаруда. Дархан Ибаділдаұлы қарамағындағы жеке құраммен жүргізілетін жұмыстарды толық меңгерген, әр іске жауапкершілікпен қарайтын азамат. Ол өзінің кәсіби шеберлігімен бірге, спорттық нормативтерді орындауда да жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуде. Сонымен бірге, гарнизон және қала көлемінде өтетін спорттық жарыстарға қатынасып, әрдайым жүлдегерлер қатарынан көрінеді.

Сержант Дархан Үйсінбаев атақты батыр, даңқты баһадүр Бауыржан Момышұлының «Қайратыңа әдісіңді серік ет, әдісіңе ақылынды жолдас ет» деген қанатты сөзін, өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған азамат деп есептейміз. Себебі, оның әрбір істеген ісінен, қағидаға айналған осы сөздің нышанын байқауға болады. Дархан Ибаділдаұлы – үлгілі жанұяның иесі, үш баланың әкесі.

2-ші сыныпты сержант Азамат Абаканов – материал және техникамен жабдықтау ротасының (РМТО) сержанты. Азамат мерзімді қызметін біздің әскери бөлімде өткізіп, 2000 жылдан бері келісімшартпен қызмет істеуде. Қарамағындағы жеке құраммен жүргізілетін жұмыстарды жақсы меңгерген, адами қасиеттерді жоғары бағалайтын, қызметке әрдайым жауапкершілікпен қарайтын адам. Сондықтан болса керек, бағынысындағы сержанттар қауымы оны сыйлап, құрметтейді. Жақсы спортшы. Үлгілі жанұяның иесі. Кішкентай үш баланың әкесі.

3-ші сыныпты сержант Әбубакір Дәулетяров – бөлімнің 1-ші оқу ротасының сержанты. Өз ісінің маманы. Ұжымда сыйлы. Қандайда болмасын алдына қойылған талаптар мен міндеттерді жауапкершілікпен уақытында орындайды. Әбубакір Дәулетяров – әскери бөлімдегі алдыңғы қатардағы спортшылардың бірі. Оны кәсіби спортшылар қатарына жатқызуға болады. Жақсы футболшы, жеңіл атлетика шебері. Ол – еліміздің Әуе Қорғаныс Күштерінің құрама командасының қатарында өнер көрсететін спортшылардың бірі. Үлгілі жанұяның отағасы. Сержант Ә.Дуәлетяров – қарамағындағы жастарға өзінің істеп жүрген ісімен де, адами қасиеттерімен де үлгі болып жүрген азамат.

3-ші сыныпты сержант Сайран Касымов – бөлімнің байланыс ротасының сержанты. Өз ісінің майталманы, мықты спортшы. Қатар жүрген әскери достары мен әріптестерінің арасында сый мен құрметке бөленген азамат. Ротаның жеке құрамы Сайранды мінсіз тәртіптің, ұйымдастырушылық пен жалпы мәденитеттіліктің үлгісі ретінде көреді. Ол өзінің әдістемелік дағдылары мен жұмыс істеу тәсілін әрдайым жетілдіріп отырады, үлгілі жанұяның иесі.

Аға сержант Жамбылов Азамат – осыдан оншақты жыл бұрын Отан алдындағы азаматтық борышын осы бөлімде өткізіп, кейіннен келісімшартпен қызметке қалған болатын. Міне, содан бері Азамат өзінің алғырлығы мен қабілетінің арқасында техникалық дивизионның жеке құрамымен жұмыс істеуде. Талантты жігіт жас мамандарды даярлауда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, бүгіндері әскери бөлімнің бетке ұстар, алдыңғы қатардағы мамандарының бірі болды. Келіншегі Ғалифа Қарашолақова да біздің бөлімде байланыс торабында қызмет істейді. Бұлардың екі кішкентай балалары бар, үлгілі отбасының иелері.

Міне, осылардай «Сержант» деген әскери атқа кір келтірмей, керісінше, сержант болғандарын мақтан тұтып, сол үшін аянбай еңбек етіп жүрген тағы басқадай азаматтарымыз бар. Олар: аға сержанттар Руслан Сембаев пен Нұрлан Карбозов, сержанттар: Төрехан Наушаруанов, Ғабит Асылов және Дәуіржан Дулатов. Аттары аталғандардың бәрі де әскери антқа адал, Отанына шексіз берілген, басқа қызметкерлерге үлгі болып жүрген азаматтар. Ұжымның мақтаныштары. Отанын абыроймен қорғап жүрген оғландар.

Кезінде, бүкілармиялық сержанттар кеңесінің үшінші отырысына қатысқан еліміздің Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Сәкен Жасұзақов өз сөзінде: «Сержанттар – армияның негізгі бөлшегі, дәнекері. Олар офицерлердің көмекшісі, оң қолы болуы қажет» деген ойды айтқан болатын. Бүгіндері біздің бөлімнің сержанттар корпусы әскери қолбасшының айтқан сөзін орындағандай. Себебі, олардың істерімен мақтануға да, өздерін мақтауға да тұратын азаматтар. Біздер тек, сержант-достар осындай биіктерден әрдайым көріне беріңіздер демекпіз.

Мұханбедия Сахалов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"