Эльбрус шыңын бағындыруға аттанады

Алматы облысының Жоңғар Алатауы аумағында 48386 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы ротаның әскери қызметшілері таулы даярлық бойынша тапсырмаларды пысықтауда.

Сабақтар «Эльбрус шығыршығы – 2016» халықаралық сайысына қатысу үшін жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға бағытталған. Жарыс Ресей Федерациясында өтеді. Теңіз деңгейінде 5 642 метрдегі ғаламшардың ең биік шыңы Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдің мықты әскери альпинистерімен күресуде әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқаннан өту және таулы жерде жаралыны көшіру элементтерін пысықтайды.  Одан басқа, 48386 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері «Суық төбе» және «Мұзтау» шыңдарын бағындырды.

Сабақ барысында келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері кіші сержанттар Асхат Оразбаев пен Жандос Серікбаев таулы даярлықта жақсы нәтижелер көрсетті. Жеке құраммен моральдық-психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда рота командирі Ерлан Оңғарбаев жақсы жағынан атап өтілді.  Таулы даярлық бойынша сабақтар 2016 жылдың қысқы оқыту кезеңіне арналған әскерлердің жоспарларына сәйкес өткізілді. Биылғы оқу жылының «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» ұранымен жауынгерлік даярлықтағы негізгі күш-жігер дәл осы таулы даярлыққа бағытталғанын айта кеткен жөн.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"