Қазақ сарбазы туралы толғаныс

Бейбіт елдің бесігі мызғымас қорғаныспен шеп құрған қуатты әскердің қолында тербелері анық. Мың жылдықтардың басынан бажайлап қарасақ, атқа мінген Аттиланың әлемге әмір жүргізуінен бастап, күні бүгінге дейін ел өміріндегі сарбаздың салмағы артпаса, кеміген емес. Демек, бейбіт күннің арғы жағында беделі биік қолбасы мен білегі мықты сарбаз тұрары хақ. Мейлі, қай ғасырда да күштінің әлсізді басынуы, аузындағы асын тартып жеп, байлығын пайдалануы толастаған жоқ. Мұндайды парасатты халқымыз «Ортада мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқып алар еді» дегенге сайдырған. Қаншама тілеулес болып жүрген, ақ жүрек көршінің өзіне қолыңдағы қазынаны көрсетсең, көзі алара кететіні ақиқат қой. Мұндайды «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді дана қазақ.

Сырттың суық қолы мен сұқты көзінен, іштен салған іріткілер мен шекара және аймақтар тыныштығн күзетуде заманға сай кәсіби әскер қырағылығын жоғары деңгейде көрсете білуі керек. Бүгінде қазақ сарбаздары осы талаптан шыға алмаса, жүз отыздан аса ұлтпен ұлыстың бейбіт шаңырағы биікке көтерілмес еді. Ендеше біз осындай арқасына ауыр жүк артқан өз сарбаздарымызды қалай танып, қалай бағалап жүрміз? Әскерге деген қоғамның құрметі мен көзқарасы қандай? Қазақ әскері қалай болуы керек деген маңызды сұрақтарға қысқаша тоқталып көрсек.

Әрине, біз – қарапайым халық сарбаздарымызды әр жылдың жетінші мамыры күні ұлықтап, төл мерекесімен құттықтаймыз. Жылы-жылы лебіздерімізді арнаймыз. Ал басқа күндері сарбаздардың өмірін зерттеп білуге, «Ертең өскенде сен де еліңнің сарбазы атанасың» деп ұрпағымыздың құлағына құйып отыруға келгенде ақсай береміз. Тіпті, кейбір ата-аналардың тепсе темір үзер азаматтарын сарбаздар сапына қосқысы келмейтіні әредік байқалып қалып жатады. Мұндайда тағы да «Ер жігіт елі үшін туады» деген бабалар сөзі ойға оралып, қарынды ашырады. Ал елін қорғаған ер атану, кез келген еркеккіндіктің асыл арманы болуға тиіс емес пе?!

Өзге шығыс елдерінде ата-аналар балаларын барын салып жүріп әскер қатарына алдырады екен. Сапқа тұрған жігіттерінің де еңсесі биіктей түсетін көрінеді. Ал біз бүгінде неге олардай емеспіз! Сонау түркілерден басталған тағылымды тариихымыздың орта тұсында Сармат сарбаздарының қатарына қосылу мен деген азаматтардың ғана қолынан келген үлкен ерлік болғаны белгілі. Шынымен де, ол кезде Сармат сарбазы атану үшін бірнеше кезек жауынгерлік сайыстармен қатар, қатал сынақтардан өту қажет болған деседі. Тіпті, үміткер сарбазға кем дегенде бір жау сарбазының басын қанжығалап келу де сол қатал шарттардың бірі болған екен. Міне, осы жағдайдан-ақ сарбаздың қарапайым адам емес екенін аңғару қиын емес. Ал қазақ хандарының тұсында қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей-ақ «Жауынгер боламын» деп аласұрған алаштың ұл-қыздары аз болмағаны ел аузында жиі айтылып жүр. Әлде, біз сол елін сүйген ержүрек оғландарымызды көпке үлгі ете алмай жүрміз бе?!

«Бала қыран ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демеуші ме еді. Хош! Әрине, бес саусақты бірден ауызға салуға болмайтыны сиқты, кәсіби әскер құру жұмысы бір күнде толықтай жүзеге аса қоймасы ақиқат. Десе де, бұл шаруа жедел қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны баршаға аян. Бүгінде сарбаздардың әлеуметтік жағдайларына да мемлекет айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Қолдағы қарулары да замануи соңғы үлгіде жасақталған. Ендеше қазақ жігіттері батыр бабамыз Махамбет айтқан «ерлердің ісін» жалғап, «Еркек тоқты – құрбандық» деген аталы сөзді жадында сақтағны абзал. Жоғары оқу орнмен қатар, тағы бір үлкен университеттен өтіп, шынығып, шымыр болып, сайыпқыран сарбаз атанғаны нұр үстіне нұр болмай ма?! Ал тек міндет өтеуге емес, нағыз жанқияр сарбаз болуға құлшынып тұрған жастарымыз көбейсе, оларға қоғам мен елдің құрметі анағұрлым аса түсер еді.

Енді «Қазақ сарбазы қандай болу керек?» деген тағы бір сұраққа аялдасақ. Бұл сұраққа жауап табу үшін алдымен «әскер» деген атауға өзімізше түсінік беріп көрсек; ол – өз Отаны мен туған халқын шексіз сүйетін және адал қызмет атқарып, екіленбестен басын бәйгеге тіге алатын ер жүрек жауынгер деген сөз. Бұл анқтамадан қара басының қамынан гөрі, туған елінің намысы мен тағдырын әлдеқайда артық қоя алатын асыл азаматтың сипатын аңғару қиын емес. Осыған дейін де қазақ жастары арасынан шыққан дәл осындай атқа лайық сарбаздарды мақтанышпен тілге тиек етер мысалдар да жеткілікті. Соның бірі, күні кеше жалаңаш қолымен-ақ алып империяға қарсы шыққан нағыз көзсіз батырлар – Алаш сақшылары болатын. Олар қандай ортада, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанына қарамастан, ел ертеңі үшін екіленбей тәуекелге барған жаужүректер еді.

Әйгілі Алаш зиялысы Міржақып Дулатов  “Қайтсек жұрт боламыз?” деген мақала жазып, “Жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз” деп өзі кесіп айтқан болатын. Міне, осы асқақ арманмен құрылған Алаш әскерінің туында да «Жасасын, Отанның адал Ұлдары!» деген өр рухты ұрансөз орын алған екен. Біз бұдан сол сарбаздардың елге деген шексіз адалдығын, терең сүйіспеншілігін ашық аңғарамыз. Сондықтан бүгінгі тәуелсіз елдің сарбаздарында да  ұлты үшін у іше білетін өр рух пен қайсар мінез болуы керек. Ал кез келген сарбаз әр уақытта жеке басының ғана емес, қазақ сарбазының әлеуетін арқалап жүргенін ұмытпағаны жөн! Өйткені, әділет орнатушылардың өздері бастап, тәртіпке қылдай қиянат жасамауы керек. Ал мұндай сарбазды дайындау ана құрсақтан, мектеп қабырғасынан басталары анық. Ол үшін әрбір ата-ана өз ұлтымыздың тамырлы тарихмен қатар, озық дәстүрлерін және Отан деген қасиетті ұғымды мәңгі қастарлей білуді ұрпақ жадына терең сіңіруі керек. Сондай-ақ жетінші мамырды ресми түрде мекеме қабырғаларында ғана емес, халық ішінде кеңінен атап өтуге назар аударылуы тиіс.

Өткен жылы Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында жауынгерлік шеру өткен еді. Бүкіл ел болып телеэкраннан тамашаладық. Әскеріміздің әлеуеті тағы бір паш етілді. Отты қарулар мен ауыр техникалардан өзге, әуе және жаяу әскеріміздің асқақ айбынын көрдік. Халықтың ықыласы мен сезімі бөлекше болды.  Кеуде тұсымызды әлдебір жылы ағын кернеп, кірпіктерімізге қуаныштың ыстық тамшылары ілінді. Іштей «ешкімнен кем емес екенбіз» деген мақтаныш сүйіншіленіп тұрды. Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс саласының деңгейі әскерлердің санымен емес, сапасымен бағаланатынын, елімізге ыңғайлы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі мол армия керектігін сол жолы қадап айтты. Сондықтан айтар ойдың тоқетері бүкіл қоғаммен халық ту көтерген сарбаздарға әр уақытта үлкен құрметпен қарай білуі керек. Өйткені мәңгілік елдің ұлы керуенін түрлі қауып-қатерден кірпік қақпай күзететін, ол – қазақ сарбаздары болмақ!

Құрманжан Қасымжанұлы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"