Шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

2016 жылдың қаңтары мен наурыз айы аралығында  1999 жылы туылған 100 000-ға тарта қазақстандық әскери есепке алынады. Тіркеу жергілікті атқару органдарымен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар арқылы жүзеге асырылады.

Олардың шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия құрылады. ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде түсіндіргендей, тіркеуге алу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, білім деңгейі мен дене даярлығын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін ұйымдастырылып, өткізіледі.  

Медициналық куәландырудан өту барысында денсаулық жағдайы бойынша шамалы шектеулер анықталған бозбалаларға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Ол жерде жеткіншектер денсаулықтарын қалпына келтіре алады. Сонымен қатар тіркеуге алу үрдісінде Қазақстан мен шетел мемлекеттері Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Бозбалаларға әскери жоғары оқу орындарын, Кадет корпусын тәмамдағаннан кейінгі кемелді келешек туралы айтып береді. Әскери оқу орындарында оқуға ниет білдіргендер мен жарамдылар анықталады.

Сонымен бірге тіркеуге алу патриоттық тәрбие беру сипатына ие. Бозбалаларға әскери кәсіп пен әскери қызметшілердің арналуы, Қазақстанның қазіргі заманғы Қарулы Күштерінің жетістіктері мен дамуы, әскери қызметшілеріміздің халықаралық ірі ауқымды оқу-жаттығулар мен бітімгершілік операцияларға қатысуы мен сәттіліктері туралы айтып береді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"