Даярлық пысықталды

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2016 жылдың жаңа оқу жылына байланысты жиын өткізілді.

Онда Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының лауазымын уақытша атқарушы Ә.Ерниязов жауынгерлік дабыл берілген жағдайда оны аса жауапкершілікпен атқару керектігін және бұл бағытта ұжымның берілген тапсырманы ұйымшылдықпен орындау керектігін айтып өтті.

Ал, өткен аптада болған дабыл кезінде Қызылорда облысы әкімдігінің өкілі Б.Қарсақбаев, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, подполковник С.Молдақараев және «Қазақтелеком» байланыс агенттігінің өкілі запастағы лейтенант С.Дүкенбаевтар белсенділік танытты. Бұл шараның қорытындысына арналған жиында Әлімжан Қанағатұлы шолу жасап өтті. Ол сондай-ақ, өткен жылда атқарылған жұмыстар легіне тоқтала отырып, 2016 жылға жоспарланған жұмыстарды да тілге тиек етті.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"