40 мыңнан астам әскери жауынгерлік дабылда даярлығын пысықтады

2016 жылға Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік даярлығының ауқымды дамуы жоспарланған. Қарулы Күштерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру  әскердің шынайы жауынгерлік қабілетін байқататын шара.

Биылғы жылдың алғашқы оқу дабылында арнайы белгіден кейін Қарулы Күштердің барлық түрлері, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлері түгел көтерілді. Онда 2015 жылы әскери қызметшілердің жауынгерлік жаттығуларда қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ оны дамыту мен әрі қарай жетілдіруді қажет ететін мәселелер көрніс тапты.

«Біз жеке құрамды хабардар ету, жинау, белгіленген аудандарда құрамалар мен бөлімдердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауы секілді жағдайларды пысықтадық. Аталған сабақтарға 40 мыңнан аса адам тартылды. 1 500-ден астам бірлік қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды. Жеке құрам осы жауынгерлік дабыл кезінде жаңа оқу кезеңіне қаншалықты даяр екенін паш етті. 2016 жылы басқару органдарымен, «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары және бөлімдерімен, Аэроұтқыр әскерлерімен «Айбалта-2016» ірі ауқымды оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отырмыз.  Жоспарымызда көптеген оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтар бар», – деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Сонымен бірге жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар әуеге көтерілді. Әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды. Қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды.

«ҚР ҚК-нің түрі ретінде Әуе қорғанысы күштері тактикалық-арнайы сабақтарға қатысты. Барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер тартылды. Жаттықтыру үдерісінде хабардар етуді, ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптар авиациясы экипаждарының үйлесуін пысықтадық», – деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – бас басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Игорь Свиридов.

Корабльге, әуе және суастындағы қатерлерге қарсы диверсиялық қорғаныс бойынща оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды.  «Жек құрам Бас штабтың қойған тапсырмаларын орындады. Байланыс жүйелері, басқару пункттерінде ақау болған жоқ. Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру қорытындысына дән ризамыз», деп түсіндірді ҚР ҚК ӘТК Бас штабының бастығы 1-дәрежелі капитан Қайыргелді Есенеев.  Сондай-ақ ол 2016 жылға қатысты жауынгерлік кезекшілікті атқаруға, корабльдерді, күштер мен құралдарды дайындауға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сонымен бірге ағымдағы жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде маңызды оқиға болмақ.  Яғни, корабльдер арсеналы жаңа жауынгерлік бірлікпен толығады деп күтілуде.

Жоғарыда айтқанымыздай биылғы жылы да ҚР ҚК-де әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығына аса мән беріледі. Бұл ретте жаяу әскерлеріміз, әскери теңізшілеріміз бен ұшқыштарымыз Армиялық халықаралық ойындарға қатысатынын айта кеткен жөн. Бүгінде осынау ірі халықаралық деңгейдегі сайысқа дайындық жұмыстары басталып та кеткен.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"