Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар

   «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де Ақымақтық» деген екен, он сегізінші қара сөзінде һәкім Абай. Қазақтың ұлы ойшылы сонау заманда адамды адам етіп тәрбиелеудің жолын көрсетіп кетті. Жан-жақты дамыған тұлға боп қалыптасу үшін тағы да сол Абай айтқандай, «бойда қайрат, ойда көз» болуы шарт. Әңгімеміздің арқауы сегіз қырлы бір сырлы сержант Серік Зайкенов жайында болмақ.

МАМАНДЫҒЫ – КИНОЛОГ

   Серік Зайкенов Отан алдындағы азаматтық борышын өтемей тұрып, «Семей Базары» ЖШС кинолог қызметін атқарды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2086 әскери бөлімі шекара заставасында кинолог болды. Бүгінде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының аға маманы (мал дәрігерлік нұсқаушысы). Келісім шарт бойынша әскери қызметшінің қарамағындағы үш қызметтік ит арнаулы күтімде. Үйретілген, жан-жақты жаттыққан. Сержант иттердің құжаттарын есепке алып, психологиялық ерекшелігін, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын, әрқайсысымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Далаға шығаруды, тамақтандыруды, жуындыруды, орнын тазалауды күнтізбелік кестеге сай ұйымдастырады. Денсаулықтарына бақылау жасап, белгіленген уақытта вакцинацияға да апарады. Нұсқамаға сәйкес,өзі бағып-қағатын иттерге бөтен адамдарды жолатпайды. Кинолог үйреткен Балу мен Лорд есімді қызметтік иттер бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі жиындарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Жарылатын оқ-дәрілер мен есірткі заттарының бар-жоғын анықтау мақсатындағы 184 шарада екі оқиғаның ашылуына да септігін тигізді. Мәселен, РФ ҚК әскерилерімен бірлескен стратегиялық командалы-штабтық «Орталық – 2015» жаттығуына, былтыр тұңғыш рет Семей өңірлік гарнизонының әскери полициясы жасағы мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 35411 әскери бөлімінің жетекшілігімен өткен «Шығыс» жалпыәскери полигонындағы әскери міндеттілердің оқу әскери жиынына да тартылды. С.Зайкеновтың жетектеуімен бельгиялық овчарка «Жек» пен неміс овчаркасы «Рекс» қызметтік міндеттерін өте дұрыс орындап, басшылық тарапынан марапатталды. Қазір әскери полиция жасағының қызметтік иттер бөлімшесінде 6 іздестіруші және 3 қарауылдық ит бар. Оларды 54770 әскери бөлімі азық-түлікпен, 31570 әскери бөлімі заманауи медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 

   Аға маманның айтуынша, иісшіл итті алты айлығынан бастап үйретуге болады. Екі жарым жасқа жуықтағанда өз міндетін толықтай сезінеді. 6-7 жастан асқанда, оның орнын жаңасы алмастырады. Мынадай қызық ақпаратты да алға тартты. Әлемдегі 500-ден астам ит тұқымының ішінде бордер-колли, пудель, неміс овчаркасы ең ақылды екен. Ғалымдар иттердің 250 сөз бен ымды ұғатынын да дәлелдеген көрінеді. Ең бастысы – кәсібіңе деген сүйіспеншілік, шыдамдылық пен сабырлылық керек.

 

ЕРДІҢ АСЫЛЫ КҮШІНЕН БІЛІНЕДІ

   Сержант Серік Зайкенов үздік кинолог қана емес. Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының (Астана, 2006)  күміс жүлдегері, республикалық жарыстардың (Астана, Семей, 2007-2008) үш мәрте қола жүлдегері. «Қазақша күрес - адамның бойындағы қайрат-жігерді жетілдіретін спорттың түрі. Қазақша күресте қарсыласты құлатып, жауырынын жерге тигізу маңызды емес. Қазақша күрестің басты шарты – күш пен әдісті асырып, қарсыласты талассыз жығу. Ал, қоян-қолтық ұрыстың өз тәсілдері бар. Қолмен және аяқпен соққылар жасау, аяқтан шалу, арқадан, жамбастан және бастан лақтыру, қыспақтан және құрсаудан босану, қарсыластың шабуылынан қорғану амалдарын жетік біліп, шапшаң орындай білу керек», дейді қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Ол қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты тұңғыш рет 1936 жылы Семей қаласында өткенін, 1941жылы Бішкектегі халықаралық жарыста Еңсеп Досқалиев бастаған қазақстандық 10 балуанның жеңімпаз атанғанын, соғыстан кейін Семейде Абайдың 100 жылдық тойында боз кілемге күш атасы Қажымұқанның да шыққанын мақтан тұтады.

 

ЖІГІТТІҢ КӨРКІ – ӨНЕРІ

   Абай ауданына қараған Шаған ауылында дүниеге келген Серік бала күнінен өнерге құштар болып өсті. Қазақтың қара домбырасын жан-жүрегімен қалады. Үлкендер домбырамен ән салса, ол да қалмай жылдам үйреніп алуға талпынды. Бара-бара айтылған ән мен тартылған күйдегі рух сүйегіне сіңіп, құлағыңда жатталып қалды. Осылайша қазақ музыкасының ең жоғары дамыған түрінің үлгісі – күйлерді орындай бастады. Халықтың көңіліндегі қайғы мен қасіретті, қуаныш пен шаттықты бейнелеген атақты күйшілердің шығармаларын сол қалпында жеткізуге тырысты. Гиннестің рекордтар кітабына енген қос ішекті қазақтың қара домбырасын қолына алып, Құрманғазының «Балбырауын» және «Еркесылқым» күйлерін орындағанда әріптестері аса құрметпен тыңдайды. Сүйсінеді. Серіктің пайымдауынша, музыканы сезіну бар да, түсіну бар. Музыканы жақсы түсіну үшін адамға музыкалық сауаттылық, белгілі бар тәрбие керек. Ал, оның көздегені ата-бабадан қалған асыл мұраны, тот басып, кір шалмайтын халықтық өнерді құрметтеу арқылы әскерилердің шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосу. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"