Ардагерді мерейтойымен құттықтады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор С.Камалетдинов Ұлы Отан соғысының ардагері Галлиулин Исмагил Нигматовичті 90-жасқа толуымен құттықтады.

 Сондай-ақ, ардагерді осындай айтулы күнімен Ауған соғысы ардагерлері мен аталмыш өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлері және әскери мектеп басшылары да құттықтап келді. Өз сөзінде генерал-майор мырза «Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын. Біз сізді ешқашан назардан тыс қалдырған емеспіз. Әрқашан өзіңізге көмек қолын созуға әзірміз. Сіздердің соғыста жасаған ерліктерің ел жадынан мәңгілік өшпейді» деген лебізін білдірді.

Исмагил Галиуллин ақсақал әскери танкті 17 жасында көрген екен. Ол 1943 жылы соғысқа аттанып, онда «Т-44» танкісін тізгіндеген. Берлинге дейін барыпты.

     Соғыстан кейінгі кезеңдерде де ол танкіні жүргізуді ұмытпаған. Әскери техниканың бөлшектерін әлі күнге жатқа біледі. Спасск оқу жаттығу полигонында ардагерге «Т-72» танкісі көрсетілді. Ардагер ағамыз онымен жете танысты да, тіпті ішіне кіріп қозғалтып көрді.


Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"