Әскери мектеп жайлы әңгімеледі

       Жақында  Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар аулында орналасқан Крупская орта мектебінде Қорғаныс министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері Сүңғат пен Мерхат кездесуге келді.

Сұңғақ  бойлы қос бозбаланы әскери киіммен алғаш  көрген балалар оларға таңырқай  қарады. Мерхат  пен Сұңғат  9 сыныпқа  дейін   ұлттық  ойынымыз, яғни тоғызқұмалақтан  аудандық, обылыстық  сайыстарда  әрдайым жүлделі орындарды иеленіп жүріпті. Сонымен  қатар, спорттың жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол және футбол секілді түрлерін жақсы меңгерген. Қысқасы, екеуі спортта да, оқуда да үздіктер қатарында екен.

        Кездесу  барысында ұландар өздері білім алып жатқан мектеп  туралы  кеңірек мағлұмат  берумен қатар, онда оқу үшін  қандай құжаттар және қай пәндерден сынақтар тапсыру  керектігін айтып  берді. Сондықтан болса керек, кездесу  соңында аталмыш мектепке қызығушылық  танытып, сонда барамын деген оқушылар да табылып жатты. Яғни, бұл  кездесудің бекерге өтпегеніне сеніміміз  мол.

         Сұңғат  пен Мерхатқа болашақта жоспарлаған жоғары әскери оқу  орынына түсіп, Бауыржан  аталарындай еліміздің қорғанысына қалтқысыз қызмет ететін Қазақстанның патриоттары болыңдар демекпіз.

                               Запастағы майор Б.Серікбаев,

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі,

Крупская атындағы орта мектеп


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"