Семейде есепке алу басталды

Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасында әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу шарасы басталып кетті.

   ҚР Үкіметінің «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес еліміздің жасы 17 толған азаматтары шақыру учаскесіне тұрақты мекен-жайы бойынша есепке алынып, әскери қызметке жарамдылығы, білімінің деңгейі, мамандығы, психологиялық төзімділігі, дене дайындығының деңгейі анықталады.

Жинақталған мағлұматтардың негізінде ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріне алдын-ала таратылады. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында, ҚР тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, әуе қорғанысының әскери институты, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты секілді әскери жоғарғы оқу орындарында оқитын үміткерлер де алдын-ала іріктеледі.

   Жәнібек Ыдрышев, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының бастығы, полковник:
«1999 жылы туылған азаматтарды тұрақты мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне есепке алу жылына бір рет жүзеге асырылатын шара. Биыл 5 қаңтардан басталып, наурыз айының соңғы күніне дейін жүргізіледі. Еліміз бойынша 100 мың адам тіркелетін болса, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасына 1875 адам есепке алынуы тиіс. Әскери есепке алу барысында әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің сандық және сапалық құрамы айқындалады».
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"