МАЗ автотехникасын жеткізу артып келеді

Өткен жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатын Семей машина құрастыру зауытынан ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қазақстанның Қарулы Күштеріне МАЗ автотехникасын жеткізіп беру ұлғайған болатын.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде автотехника – тіркемелер және жартылай тіркемелер белсенді түрде пайдаланылады. Олардың көмегімен үлкен жүкті шынжыртабанды техниканы, танктерді, ЖӘЖМ-ді тасымалдау жүзеге асырылады. Тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қолдану кезінде  техниканы оның жабынын зақымдамай күре жол арқылы ғана емес, сонымен бірге асфальт арқылы да тасымалдауға болады.

2015 жылы жүк көтерімділігі 10 тонналы МАЗ-дың 100 тіркемесі және жүк көтерімділігі 40 тонналы МАЗ-дың 3 жартылай тіркеме-тартқышы дайындалып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілді. 2014 жылы МАЗ-дың жеткізілген тіркемелі техникасының саны 60 бірлікке дейін жеткенін айта кетейік.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындай отырып, кәсіпорын осы өнімнің түрін құрастыру өндірісінен жобаны іске асырады. Лицензиялық шарт бойынша Минск автомобиль зауыты (МАЗ) Семей машина құрастыру зауытына МАЗ автотехникасының анағұрлым танымал және сұранысқа ие модельдері, яғни, тартқыштар, борттық автомобильдер, самосвал бойынша барлық қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы береді.  

Семей машина құрастыру зауыты МАЗ автомобильдерінің құрастырылуын жүзеге асыратын бірден-бір қазақстандық кәсіпорын болуға құқық беретін бірқатар құжаттар алып, қол қойғанын айта кетейік.

Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"