Атыс қаруының пайда болуы «Алтын орданың» еншісінде

Алтын орда дәуірінде заманауи Қазақстанның аумағында атыс қаруы пайда болған. Бұл туралы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Алтын орда: Тарих және мәдени мұра» ғылыми материалдар жинағының тұсаукесерінде белгілі болды.

«Алтын орда дәуірінде Қазақстанның аумағында атыс қаруы пайда болғанын бірі білсе, бірі білмес. Біз оны кейінірек пайда болды деп ойладық, ал негізінде әскери-тарихи мұражайдағы жәдігерлер сол уақыттың қазыналы әскери-материалдық мәдениеті туралы сыр шертеді», - деді жинақтың жауапты редакторы, тарих ғылымдарының докторы Айболат Күшкімбаев. 

Жинақта жалпы тарих бойынша жұмыстардан басқа әскери тарих та ұсынылған. Кітапта ХІІІ ғасырдан бастап ХV ғасыр аралығындағы Алтын орданың әскери тарихы бойынша материалдар, зерттеулер бар. Алтын орда дәуіріндегі қару-жарақ мәселелері, тактика, стратегия, дәуірдің кейбір әскери-саяси оқиғалары қаралады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"