Взвод командирлерінің жиынына қатысушылар дене даярлығы, тактика, кәсіби даярлықтар РХБҚ, тыл, техника, топография, барлау, атыс даярлығы, байланыс, жедел басқару, мемлекеттік-құқықтық даярлық, психология бойынша сынақтар тапсырды.
Шараның негізгі мақсаты – жеке құраммен оқу процесін ұйымдастыру. Взвод командирлері жауынгерлік, және басқа да пәндер бойынша білімдерін жетілдірді. Бұл жиынға «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерелеріне қарасты 31775 әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық бөлімшесінің аға офицері капитан Қ.Испусинов жетекшілік етті. Ал, қолбасшылықтағы өзге офицерлер сабақ өткізді.
Мәселен, «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерелеріне қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Е.Бятов 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің кезектен тыс сайлауының маңыздылығы жөнінде дәріс оқыды. Жиында взвод офицерлері өздерінің жоғары кәсібиліктерімен көзге түсті.
Думан Кұрманғалиев