Елдегі әскери полигондар

Елдегі әскери полигондар

Әскерилердің тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық жағынан дайын болуына оқу-жаттығу полигонының тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Физикалық дайындығы, қару-жарақты қолдану тәсілін білу, түрлі іс-қимылдар тактикасын жан-жақты пысықтауда әскери жаттығу алаңдарының алар орны ерекше.

Өздеріңізге белгілі болғандай, өткен жылы жауынгерлік даярлыққа аса ден қойылғандығының арқасында әскерилердің жауынгерлік әлуеті 1,5 есеге ұлғайды. Биыл да басты міндет – осы. Ал, осы оғландарға бар мүмкіндікті тудырып отырған әскери полигон жайында не білеміз? Қазақстандағы әскери полигондар жайлы ше? Сіздерге аз-кем ақпарды ұсынуды жөн көрдік. Білмесеңіз, біле жүргейсіз...

 Алғы сөз

 Қазақстандағы әскери полигондар жайлы сөз өрбітпес бұрын, полигон деген сөзің мағынасын мән берелік. Полигон – (грек тілінен аударғанда) қару-жарақ пен әскери техникаға сынақ жүргізуге, жауынгерлік дайындықтар бойынша шаралар жүргізуге, әуе кеңістігін қамтитын, құрлықтағы немесе теңіздегі арнайы бөлінген және жабдықталған өңір. Полигонның өзі үш түрге бөлінеді. Алғашқысы ғылыми-зерттеу (сынақ жүргізу) полигоны, оқу-жаттығу полигоны және зауыттық полигон.

ҚР Қорғаныс министрлігі Жауынгерлік даярлық департаментінің мәліметінше Қазақстан Республиксы Қарулы Күштерінде әскерилерді шыңдайтын 30 оқу-жаттығу орталығы бар. Оның 11-і Кеңес өкіметі кезінде құрылса, қалған 19-ы Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезде ашылған.

Бүгінде еліміздегі әскери полигондарда бригадалық тактикалық оқу-жаттығуларды, батальондық тактикалық оқу-жаттығулар, рота тактикалық оқу-жаттығулар, взводтардың жауынгерлік атыстарын, су кедергілерін өту бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуге мол мүмкіндік берілген.

 Еліміздің әр өңірінде...

 Қай мемлекетте болмасын армиялардың әскери дайындығына баса көңіл бөлінетіндігі мәлім. Бізде де осы талап қатаң сақталады. Қорғаныстық қабілетті жетілдіру, ұштау үшін оқу-жаттығулардың жиі өткізіліп тұруы берік үрдіске айналды. Мә­се­лен, Спас­скідегі оқу-жаттығу орта­лығы шеберлік шың­дау орны ре­тін­де белгілі. Мұн­да аумақтық қор­ға­ныс бойынша осын­дай шаралар өт­кізілу­мен бір­ге ықтимал лаңкестік әрекеттерді жоюдың жол­дарын үйренуге арналған бірнеше байқау­лар ұйымдастырылып тұрады. Әскери іс үздіксіз оқу-жаттығуды талап етеді. Тосын бір жағдайдағы қимыл-әрекет­тердің тактикалық тәсілдерін үйрену, үнемі жаңартылу үстін­дегі қару-жарақ, техника түр­ле­рін меңгеру қалыптасқан тәр­тіп. Міне, осындай бай­қауларға лайықталып жасалған полигон­дар­дың ірісі «Спасск». Мұнда кезінде Қарлагтың бөлімшесі жұмыс істеді. Одан соң танкодромы бар ең ауқым­ды полигон салынды. Өтпелі кезеңде ескерусіз қалып, ұмы­тыла жаздаған шағы да кездесті. Қорғаныс министрлігі оны қайтадан қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті қаржы бөлді. Содан бері полигон байырғы кейпіне еніп, бүгінде іргелі оқу-жаттығу орталығы тұрғы­сында танымал.

Құрлық әскерлерінің «Мәтібұлақ» полигоны Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ғана емес, ТМД аумағы бойынша ең ірі полигон болып саналады. Оның көлемі 160 мың гектарды құрайды. Бұл полигонның үлкен аумағы артиллерия мен авиацияны қатыстыра отырып, кең көлемдегі жаттығуларды өткізуге толық мүмкіндік береді. Аталған полигонда өңірлік қолбасшылыққа қарасты 35748-ші және 81796-шы әскери бөлімдері шоғырланған. Ірі оқу-жаттығу алаңында жауынгерлік атыстарды, майдан, армиялық авиацияны және артиллериялық пен зымыран жүйелерін қолдана отырып, екіжақты бригада-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге мүмкіндік бар.

 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Мәтібұлақтан» өзге «Айша бибі», «Теріс Ащыбұлақ», «Мөңке», «Дарбаза» әскери полигондары әскерилердің біліктлігін шыңдауда үлкен рөл атқаруда. Еліміздің Қарулы күштерінің әскери құрылымдарының қатысуымен «Алдаспан», «Өзара іс-қимыл», «Бейбіт миссия» сияқты оқу-жаттығулар өтіп тұрады.

«Көктал» аэромобильды әскери оқу-жаттығу алаңы ауқымы кең полигондардың қатарына жатады. Аталмыш полигонда «Айбалта», «Антитеррор» сияқты ірі оқу-жаттығулар өткізіледі. Ондай ірі жаттығулар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Шығыс» полигонында да ұйымдастырылады. Бұл да Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ірі әскери полигондардың бірі.

Ал, «Сары­ша­ған» полиго­нын­да офицерлердің әскери бөлімдерді басқару білік­ті­лі­гін, жауынгер­лер­дің қазіргі за­манғы қару-жарақты қан­дай деңгейде мең­гер­гендігін нақты байқап, бағалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, кең көлемдегі оқу-жатты­ғу­ларға қатысу үшін әскери дайындықты ұштай түсуде.

Бұған қоса, «Арыс», «Шымкент», «Қызылорда», «Ахмирова», «Майлина», «Ізенді», «Оймаша», «Қарабатан», «Бейнеу», «Есіл батыр», «Іле», «Жетісу», «Жаркент», «Сарыөзек», «Берік», «Гвардейск», «Арнасай», «Жетіген» және өзге де әскери полигондар еліміздегі әскерилердің қорғаныс қабілетін күшейтуде үлкен міндет атқаруда.

 Қорытынды

 ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің шеберлігі мен кәсібилігіне жоғары баға берген шетелдік қазылар, бұған қоса, ең ірі оқу-жаттығу алаңдарында әскерилер үшін мол мүмкіндік жасалғанын да атап өткен.

Бүгінде әскери полигондарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дамыту жоспарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың кезең-кезеңімен қайта жарақтандыру, қайта жабдықтау және жандандыру жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетеміз, биыл сардарларымыз 21 халықаралық сайысқа қатысады деп күтілуде. Оның екі сайысы Қазақстан жерінде өтпек. 46 мемлекеттің әскерилері халықаралық жарысқа қатысуға ниет білдірген. Алдағы уақытта әскери полигондарда өтетін жарыстарды тамашалып, қазақстандық оғландардың толағай жетістіктеріне қуанамыз деген ниеттеміз.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер
Тақырып бойынша материалдар:

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи