Броньды автомобильдің жаңа түрін дайындалуда

Броньды автомобильдің жаңа түрін дайындалуда
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстанның Қарулы Күштерін қазақстандық өндірістің броньдалған техникасының жаңа түрімен қамтамасыз етеді. «Барыс» 6х6 броньдалған дөңгелекті машинасы – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС отандық зауытымен әзірленген өнім.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери техниканың осы типіндегі қажеттілігі кезінде броньды машина өндіріске енгізілуі мүмкін және қазақстандық армия әскери техникасының арсеналын толықтырады. 3 STANAG деңгейіндегі броньдалған корпус жерүсті миналардан, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан, бүйірлі жарылыстар мен ҚТГ-ның шабуылдарынан қорғанысты қамтамасыз етеді.  22,5 тонналы салмақтағы мобильді және шиналарға байланысты 110 км/с дейін жылдамдықты үдете алады. 

Машина броньды транспортер немесе ПКТ-ның қосарлама оқшашарымен автоматты зеңбірегі бар жауынгерлік модульді орнату кезінде жаяу әскердің жоғары тиімді жауынгерлік машинасы ретінде қолданылады. Машинада жүргізушіге, командирге, көздеушіге және қару, оқ-дәрілері мен керек-жарағы бар 8 толыққанды жабдықталған жаяу әскерге арналған орын жеткілікті. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштері үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауыты 4х4 «Арлан» БКМ партиясын әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Отандық зауытта өндірілген аталған броньды машиналардың алғашқы партиясын жеткізу ағымдағы жылға жоспарланған.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи