Дерекқорды жаңартты

ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталығының өкілдері Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы Шарттың қатысушы мемлекеттері қарулы күштерінің хабардар етілген құрылымы бойынша семинарға қатысты. Бұл семинар Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде өтті.

Кездесу барысында қазақстандық делегация 2016 жылға арналған деректі жаңартты, бірқатар екіжақты кездесулерді өткізді. ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері «Verity» дерекқорымен жұмыс жасау туралы қажетті мәліметтерді алды. Дерекқордың өзі жеке құрамның, қару-жарақ пен техниканың санын, қатысушы мемлекеттер арасындағы жүргізілетін инспекциялар туралы есептерді қоса есептегенде, ЕКҚКШ шеңберінде ақпарат жүргізу үшін арналған.  Бүгінгі таңда Еуропадағы кәдуілгі қарулы күштер туралы Шарттың қатысушылары Қазақстан, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Исландия, Испания, Италия, Люксембург, Молдавия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Түркия, Украина, Франция және Чехия, сондай-ақ АҚШ пен Канада болып табылатынын.айта кеткен жөн.

Шартқа сәйкес оны қолдану ауданының шегінде, бұл дегеніміз арал аумақтарын қосқанда Атлант мұхитынан бастап Орал таулары, Орал өзенінен Каспий теңізіне дейінгі аумақ. Қатысушы мемлекеттерде кәдімгі қару-жарақ пен жауынгерлік техниканың тең санының болуына рұқсат етіледі.  Бұл ретте олардың жалпы жиынтық саны 40 мың жауынгерлік танктен, 60 мың жауынгерлік броньдалған машинадан, 40 мың калибрдің артиллериялық бірлігінен, 100 мм және жоғары, 13 600 жауынгерлік ұшақ, 4 000 соққы жасау тікұшағынан аспауы тиіс.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"