Иорданиямен әскери ынтымақтастық нығая түседі

Иорданиямен әскери ынтымақтастық нығая түседі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды. Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті.

Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді. Сапардың басты мақсаты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иорданиялық Хашимит Патшалығының Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Сапар барысында өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Казахстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы зауытының өнімі - «Арлан» қазақстандық броньдалған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.  

Сонымен қатар түнгі көру аспаптарының ОПК-оптикалық аспаптары мен көздеуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және олардың қолданылуымен жауынгерлік модульдер, 3 координаталы РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.  

Иорданиялық Хашимит Патшалығы ҚК Штабтар бастықтарының Біріккен комитетінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техниканың IV халықаралық көрмесіне қатысатыны белгілі болды. Алдағы халықаралық көрмеде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ірі жаһандық компаниялардың қару-жарағы мен техникасы ұсынылады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи