Ұжымдық міндет

30217 әскери бөлімі жеке құрамының жалпы жиналысында 2016 жылы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде ұжымдық міндет зерттеліп, қабылданды.

Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас құқық бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі бөлімше бастығы әділет майоры М.Еңірбаев жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардағы өзгерістерді түсіндірді. Әскерилер арасында заң бұзушылықты болдырмаудың тиімді жолдарын баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бөлімнің идеологиялық жұмыстар, арнайы насихат және мемлекеттік-құқықтық дайындық жөніндегі аға офицері майор Е.Қабдуллин діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудегі ҚР «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңының маңыздылығына тоқталды. Өзге дінді уағыздаушылардан аулақ болуға, түрлі діни көзқарасты дәлелдеуден қашуға, әрі діни бағыттағы парақшалар мен журналдарды алудан бас тартуға шақырды. Өмірдің мақсатын, жетістігі мен тыныштығын дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардан іздеу – үлкен қателік, орны толмас өкініш екенін ескертті. Мемлекеттегі діни мәселені жүйелейтін құжаттағы дін және әскери қызметтің мәселелері жайында жеке құрам мол мағлұмат алды.

Жиналыста бөлімше командирлері де есеп беріп, 2016 жылы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде ұжымдық міндет бір ауыздан қабылданды. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"