Әскерилермен кездесті

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының Басқармасында Шығыс аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төреханов Семей гарнизонының әскери қауымымен жұмыс кездесуін өткізді.

Семей гарнизонының әскери бөлімдері мен құрылымдарының командирлері шақырылған кездесуде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі қабылданған шаралардың жағдайы қаралды.

Сондай-ақ, «2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасының» қорытындысы жасалды. 2015 жылы 23 желтоқсанда қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықты сауықтырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың мәселелері де талқыланды.

Шығыс аймағының әскери прокуроры қорғаныс қабілеттілігін нығайту, жауынгерлік және мобилизациялық дайындықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын да тілге тиек етті. 2016 жылдың «Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» деп жариялануына байланысты әскери бөлімдер мен құрылымдардың командирлеріне Қазақстан армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, Отан қорғаушылар мен өскелең ұрпаққа құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі кең көлемді жұмыстарды ұйымдастыруды жүктеді. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"