Ардагерлердің шаңырағында болды

Ақсу ауданында Кеңжыра орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесті.

Олар екінші дүниежүзілік соғыстың куәгерлері Бейсенбай Айтжанов пен Жұмабай Аухадиевтің шаңырақтарында болып, ақсақалдардың тұрмыс-тіршілігімен жете танысты.

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Талғат Қалибаев, мектеп директоры Салтанат Қуатбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Молдахметов Ұлы отан соғысы ардагерлерінің отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, мазалайтын мәселелерге де зер салды. Қарт жауынгерлер Отанын қорғау жолында жанын пида еткен қарулас жолдастарын еске алып, отты жылдар туралы әңгімеледі. Оқушылар ардагерлерге жақсы тілектер айтып, сыйлықтарын тарту етті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"