Астанада жаңа авиациялық-техникалық орталық салынуда

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту шеңберінде «Қазақстан Авиациялық Индустрия» ЖШС ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерімен бірлесіп  Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда.

Келешектегі авиациялық-техникалық орталықтың өндіріс нысандарының ауданы 6 000-нан аса шаршы метрді құрайды. Аталмыш орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады.

Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды. Тиісті дайындықтан өткен қазақстандық техникалық персонал ұшақтардың қызмет етуіне дейін ұшу қорын қамтамасыз етеді.  

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның жағрафиялық орналасуы мен өндіріс қуаты жаңа авиациялық-техникалық орталыққа еліміздің Қарулы Күштерінің мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік береді.  Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму старегиясының айқын түрде жүзеге асуы болмақ.
Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"