ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына кенеттен тексеріс жүргізді. Дәлірек айтсақ, 3 ақпанда кенеттен тексеру шеңберінде «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.
Дабыл белгісі бойынша әскери қызметшілер жауынгерлік есептопқа сәйкес іс-шараларды орындады. Әскери-көліктік авиация және автомобильдік техника тартыла отырып, жауынгерлік әзірлік аудандарына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды. Кенеттен тексерудің басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау болып табылады.