Қазақстандық кадеттер сынақтан өтіп жатыр

ҚР ҚМ кадет корпусының кадеттері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 40398, 10810 және 27943 әскери бөлімдерінде сынақтан өтіп жатыр. Барлығы 52 тәрбиеленуші мотоатқыштар бөлімшесінің командирі және танк командирі лауазымына шыңдалады.

Кадеттер алдымен тәлімгерлік қызметте тәжірибесі мол сержанттардың қарамағына бөлініп берілді. Бұдан соң материалдық және медициналық жағынан қамтамасыз етіліп, апталық оқу-әдістемелік жиынға қатысты.

Сынақтан өтуші ретінде өздік жұмысқа рұқсат алу үшін емтихан да тапсырды. Бұған қоса, жауынгерлік әзірлік,тактикалық және атыс дайындығы, саптық әзірлік, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс, дене дайындығы, жалпыәскери жарлықтар, әскери-инженерлік дайындық бойынша нұсқаушылардың жетекшілігімен дәріс берді. Жеке құраммен дәрістердің басым бөлігі далалық жағдайда өтті.

Сынақтың бағдарламасына сәйкес, кадеттердің теория мен тәжірибені сабақтастыру шеберлігіне, әсіресе дәрістердің сапалылығына басты назар бөлінді. Жалпы алғанда, шара тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Кадеттердің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі сынақтан өту мерзімі наурыз айының 12-іне дейін жалғасады.

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"