Семейде әскери-спорттық патриоттық клубтар орталығы ашылды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдар мен әскери қақтығыстар ардагерлері қоғамының, Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамының және әскери-спорттық патриоттық клубтар федерациясының орталығы ашылды. Ол Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасында қызмет етеді.

  Әскери-патриоттық спорт клубтарының тәрбиеленушілері Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасында сапқа тұрып, салтанатты түрде ант берді. Оған «Жас қыран», «Арыстан», «Қайсар», «Жалын», «Жас қанат», «Намыс», «Жас ұлан», «Жас бүркіт», «Патриот», «Әскер», «Тұлпар», «Сұңқар», «Ерлік», «Самұрық», «Айбын», «Барыс», «Ержүрек», «Отан» әскери-спорттық патриоттық клубтарының және «Арлан» әскери дайындық орталығының мүшелері қатысты. Келген қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, патриоттық тәрбие беруді қазіргі заманның талаптарына сай жетілдірудің маңыздылығы жайында ой қозғады.

Семейдегі 2 500 тәрбиеленушісі бар әскери-спорттық патриоттық клубтардың қызметін одан әрі жандандыруға бірігіп күш салуға қатысты ұсыныстарын да алға тартты.

Жаңа орталықты әскердің стратегиялық резервтегі бөлігі ретінде қарастыруға болатындығын баса айтты. Еліміздің Қарулы Күштері үшін техникалық жағынан өте сауатты, денесі шыныққан, әрі білікті болашақ жауынгерлерді дайындайтындығына да зор сенім білдірді. Шара барысында әскерге шақырылатын және әскерге дейінгі жастарды әскери- патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсенді қатысқаны үшін бір топ адам «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының, Семей қаласы қорғаныс ісі жөніндегі басқарманың, ҚР ҚМ әскери техникалық мектебінің, Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің және Семей қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

   Жәнібек ЫДРЫШЕВ, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының бастығы, полковник:

«Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизмді барынша нығайтуды тапсырды. Елдің келешегіне көз тастаған бұл бағдарлама түйсігі бар адамға көп жәйтті баяндайды. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік, жаңа қазақстандық патриотизм, мемлекетіміздің одан әрі көркеюі мен дамуына үлес қосу, туған ел мен жерге деген шынайы сезім әр адамның бойында болуы тиіс. Әскери-спорттық патриоттық клубтар федерациясының орталығын ашудағы мақсат та сол – жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін барынша нығайту».

   Азамат МҰҚАТАЕВ, «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник:

«Біз өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуіміз керек. Патриотизм – мемлекеттіліктің негізі. Елін, Елбасын сүйетін патриот тәрбиелеу – басты міндетіміз. Бүгін міне, осы міндетті жүзеге асыруға тағы бір қадам жасалып, патриоттық тәрбие беруде маңызы бар орталықтар ашылып жатқанына қуаныштымыз. Осындай орталықтарда білім алып, қанаттары қатайған шәкірттерден болашақта еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын нағыз мамандар шығатынына сенімдімін».

Алуа Искакова


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"