«Батыр арулар» байқауы екінші рет бастау алды

Ақпан айынан бастап еліміздің Қарулы Күштерінде әскери қыз-келіншектер арасында «Батыр арулар» байқауы басталды.

Бұл байқау биыл да қазақстандық армияның он екі үздік нәзік жанды аруын таңдайтын болады. Оған қатысушылар өтінім бергеннен бастап және шешуші кезеңге дейін түрлі сынақтар арқылы үлкен асулардан өтеді. Мәселен, өткен жылы осындай байқауға қатысқан әскери қыз-келіншектер полигондарда оқ атты, граната лақтырды, әртүрлі кедергілерді еңсерді, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналардың тізгінін ұстады.  Ал, биылғы байқауға осы айдан бастап өтінімдерді қабылдау басталды. 2016 жылғы 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер арнайы әзірленген сауалнаманы толтырып, өзі және ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет туралы әңгімелеп береді.  Екінші кезеңде ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz  ресми сайтында ашық дауыс беру жүргізіледі. Ол 2016 жылғы 1-сәуірде басталып, 15-маусымда аяқталады. Былтырғы жылғыдай барынша көп дауыс жинағандар байқау жеңімпаздары болып анықталады.

Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» - ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері арасындағы республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 әйел әскери қызметші қатысты.  Қырық күндік онлайн дауыс беруде конкурсанттарға өте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен бірге өзге елдің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде сынақтан сұрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, төзімділігі мен күшін дәлелдеген Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып табылатын 12 жеңімпаз анықталды. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"