«Теңіз биатлоны-2016» ойындарына даярлық басталды

Бүгінгі таңда ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері корабльдерінің экипаждары тиісті талаптарға сай сынақ тапсыруды бастап кетті. Олар бұл сынақтан өткеннен кейін «Теңіз биатлоны – 2016» байқауына қатысу үшін іріктеу айналымына қатысады.

Жарыс кезінде корабль экипаждары әуе және суасты қарсыластың тойтарысын, борттың сыртына құлап қалған адамды құтқаруды, апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсетуді пысықтайтын болады. Теңіз биатлонына қатысушылардың былтырғы жылғы тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери теңізшілері жоғары жауынгерлік даярлық пен экипаждың үйлесімділігін көрсете білуі тиіс.

«Теңіз биатлонына қатысу үшін іріктелініп қабылдану – әр теңізші үшін абырой болып саналады. Курстық тапсырмаларды сапалы орындау «Армиялық теңіз биатлоны – 2016» сайысында экипаж қатарында болуға мүмкіндік береді», - деп әскери қызметшілер атап өтті.

Жыл сайын ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері корабль топтарын, сондай-ақ суасты қайықтарына, суастыға қарсы диверсиялық қорғаныс құралдарына, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауға қарсы жауынгерлік іс-қимылдардың барлық түрлерін жүргізуге олардың қолбасшылығын жан-жақты дайындау үшін курстық тапсырмалардан өтеді, корабльдің жандылығына күресуді (сумен және өртпен күресу), барлау мен радиоэлектрондық күресуді жүргізуді пысықтайды. Аталмыш курстық міндеттерді тапсыру кезек-кезегімен бір жыл ішінде өтеді.

Сонымен, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов ҚР ҚК ӘТК әскери корабльдерінің жауынгерлік кезекшлікті атқаруын қорытындылады. Ол жауынгерлік кезекшілікке түскенге дейін әскери корабльдерді анағұрлым мұқият (азық-түлікпен, су қорымен, жанармаймен және т.б. толтыру) дайындау қажеттілігіне, ал жауынгерлік кезекшілікті атқару барысында әскери корабльдер экипажы жұмысының үйлесімділігіне жіті назар аудару қажет екенін қадап айтты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"