140 сержант жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы ретінде дайындалады

Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар ретінде сержанттар құрамының кең ауқымды даярлығы басталды. ҚР Қарулы Күштерінің әскери гарнизондарында, әскери бөлімдерінің әрбір батальонында тәжірибелі рота және батальон сержанттары санынан ең үздік әскери қызметшілер іріктелді.

Биылғы жылы дайындық өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оқуға 140 сержант тартылды. Курс барысында атыс қаруы, ЖӘЖМ-2, Т-72, БТР-80 қару-жарағы, гранатаатқыштар мен қол гранаталары, дене даярлығы, әскери топография, инженерлік даярлық пен РХБҚ, әскерлердің күнделікті қызметін басқару және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді 10 бағыт бойынша нұсқаушыларды даярлау жүзеге асырылды. Аталмыш курстың айрықшалығы оқыту әдістемесіндегі қазақстандық және шетелдік тәжірибені ұштастыру болды. Кадет корпусы, Құрлық әскерлері, СК-АОСК, ҚР ҚК АӘББ офицерлері мен сержанттарынан басқа, қазақстандық нұсқаушыларды бірлесіп даярлау үшін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде американдық оқу-жаттығу орталықтарының мамандары тартылды. Оқыту курсының басында оларға берілген пәндерге қарамастан, барлық тартылатын нұсқаушылар арнайы әдістемелік дайындықтан өтті. Оның барысында нұсқаушылық жұмыс негіздерін зерделеді. Дайындықтың әрбір кезеңінің арасында үміткер ретінде оқытушылар мен нұсқаушыларды мұқият іріктеу процесі жүрді. Әскери қызметшілерді іріктеу кезінде кәсібилікке, әскери мол тәжірибеге, жеке құрамды оқытуда әдістемелік қабілеттіліктің болуына баса назар аударылды.  Айта кетейік, жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушыларды даярлау бағдарламасының іске асырылуы жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жеке құрамның жеке дайындығының сапасы мен тиімділігін арттыруға, жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үдерісін жетілдіруге, жеке құрамды даярлаудың бірыңғай әдіснамасын енгізуге, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда әскери қызметшілердің қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"