«100 жаңа есімге» енген әскери қызметші

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов – 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшісі.

Ғалымжан – өртке оранған пәтерден екі баланы алып шыққан қайсар жан.
Бірде жауынгерлік кезекшіліктен шығып, үйіне бет алған ефрейтор Ғалымжан Алиуханов бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен шыққан будақтаған түтін мен отты көріп қалады.
Дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру сатысымен үйдің шатырына шығып, шатыр қаптамасын жұлып алып, подьезге кіреді. Үйдің есігі ашық болғандықтан ол еш кедергісіз пәтерге енеді. Алдымен айқайлап үйде адам бар ма соны білуге тырысады. Ешкім жауап қатпағаннан кейін, әр бөлмені тінтіп, мұқият қарай бастайды. Түпкі бөлмеден 4-5 жас шамасындағы екі баланың ес-түссіз жатқан жерінен тауып алады. Дереу балаларды сыртқа алып шығады.
– Мен ешқандай ерлік жасаған жоқпын, - дейді Ғалымжан қысылып. – Бұл әр азаматтың парызы. Мейлі әскери, мейлі қарапайым азамат болса да кез-кел адам осылай жасайды деп ойлаймын. Командирлеріме зор алғыс айтамын. Олар бізді шынықтырып, физикалық күйде болуымызды қадағалайды. Бабымда болуым осы жолы да маған көмектесті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"